Шымкент қаласында ҚР өзбек этномәдени бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығымен бірлесе Жұмабек Тәшенев атындағы университеті, Түркістан облыстық білім басқармасы және Шымкент қалалық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл – халықтар достығының дәнекері» атты республикалық байқауы өтті.
Байқауға еліміздегі өзбек тілде оқытылатын жалпы білім беретін орта мектептердің бітіруші сынып оқушылары қатысты.
Келес ауданының намысын қорғаған N8 Т.Бегманова атындағы жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Набиева Мадинабону Бас жүлде және жоғары оқу орнының 100% жеңілдігіне ие болды
Дарынды шәкіртіміз бен оның ұстазы Усерова Раушан Жолдасовнаға шығармашылық табыс тілейміз.
http://begmanova-keles.edu.kz/janalik/11806-memlekettik-til-khaly-tar-dosty-yny-d-nekeri-atty-respublikaly-baj-auy-tti.html#sigFreeId1ff34f577f