19 Сәу 2024
Страницы КГУ «Общеобразовательная средняя школа №8 имени Т.Бегмановой» отдела развития человеческого потенциала Келесского района управления развития человеческого потенциала Туркестанской области

Конкурс

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Түркістан қаласы білім бөлімінің «№8 Т. Бегманова атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі педагогтің бос лауазымына КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ!

1. Лауазым атауы: Ағылшын тілі пәні мұғалімі
2. Жұмыс мерзімі: Тұрақты
3. Сағат жүктемесі: 8 сағат
4. Өтініш қабылдау уақыты: 01.04.2024 - 09.04.2024ж.
5. Өтініштеріңізді: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды поштасына немесе қағаз түрінде мектептің кадр бөліміне өткізсеңіз болады.
6. Мекен-жайы: Түркістан облысы Келес ауданы Бегманова көш №123
7. Хатшы : +7 (702) 628 54008. Жұмыс уақыты: 9:00-18:00
8. Жұмыс күндері: дүйсенбі-жұма
9. Қажетті құжаттар тізбесі:

1) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымдарға тағайындау, лауазымдардан босату қағидаларына 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты - 60-65 балл;

11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

12) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымдарға тағайындау, лауазымдардан босату қағидаларына 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

13) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

Мемлекеттік білім беру ұйымының педагог лауазымына орналасуға конкурс өткізу тәртібі, құжаттар қабылдау, біліктілік талаптары, негізгі функционалдық міндеттері "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 259 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 16 тамыздағы № 343 бірлескен бұйрығы және "Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 121 бұйрығы негізінде жүргізіледі.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар