АТА - АНАЛАР НАЗАРЫНА!
Құрметті ата - аналар! 2023-2024 оқу жылындағы соңғы қоңырау, қорытынды аттестаттау, ҰБТ тапсыруда мына жағдайларды ескертеді:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында мектеп қажеттіліктерін өтеу үшін бітіруші 4, 9, 11 сыныптардан ақша жинауға қатаң түрде тыйым салынады.
Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына қажетті санитарлық-шаруашылық заттарды сатып алу мақсатында білім алушылардан ақша жинауға қатаң тиым салынады.
Оқушыларды «Соңғы қоңырау» іс –шарасының өткізілу тәртібі мен қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы нұсқаулықпен таныстыра отырып, ата – анасының немесе заңды өкілінің, тек біреуінің қатысуы кешенді қауіпсіздік шараларды қамтамасыз ететіндігін ескертеміз.
Педагогикалық этика және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында мектеп әкімшілігіне және педагогтарға кез келген түрдегі сыйлықтарды қабылдауға қатаң түрде тыйым салынады.
Оқушылардың автокөлік шеруіне шығып, ойын - сауық алаңдары, мейрамханалар мен саябақтарға баруына тыйым салынатындығын ескертеміз.
Қорытынды аттестаттау кезінде әртүрлі мақсатта ата-аналардан қаражат жинап, мерекелік дастархан ұйымдастыруға қатаң түрде тыйым салынады.
Бітіріп кеткен,яғни мектеп қабырғасында оқымайтын түлектердің мерекелік іс-шараларға келуіне рұқсат жоқ екенін ескертеміз.
ҚҰРМЕТТІ
АТА - АНА
Жоғарыда айтылған талаптарды назарға ала отырып, оқушылардың қауіпсіздігіне бей - жай қарамауыңызды өтінеміз.
Сіздердің ұл - қыздарыңызға сапалы білім мен саналы тәрбие беру біз үшін абыройлы - МІНДЕТ!
Мектеп директоры: Амирова Меруерт Нұрмаханқызы