01 Маус 2024
Жаңалықтар

Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу болып өтті.

Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу болып өтті.

Келес ауданы, Білім бөліміне қарасты №8 Т. Бегманова атындағы жалпы орта білім беретін мектебі.

16 ақпан күні 8 Тойбы Бегманова атындағы жалпы орта мектебінде әскери жетекші Смаилов Көпжанның ұйымдастыруымен Ауған соғысының аяқталғанына 35 жыл толуына арналған Ерлік сабағы өтті.

Оған ауғандық интернационалист-жауынгерлер - аудандық «АМАНАТ» партиясының төрағасы Жұмабеков Ахмет, аудандық Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы Қилыбаев Нұрлан, Ақпанбетов Шымырбек, Қоспанов Артық пен Тұрғынбаев Бахтиярлар қатысты.

Сабақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен басталып, кездесу барысында Ауған соғысы туралы өлеңдер оқылып, сахналық көріністер көрсетіліп, әндер орындалды. Сергей Бондарчуктың «9-рота» фильмінен үзінділер көрсетілді.

Сабақ барысында Ауғандық жауынгерлерге оқушылар сұрақтар қойып, оларға жауаптар берілді.

Сабақ кезінде Ауған жерінде қаза тапқан жерлестеріміз бен боздақтарымызға 1 минуттық үнсіздік жарияланып, боздақтарымызды құрметпен еске алды.

Сабақты әскери жетекші Смаилов Көпжан «Ауғандық жауынгерлер маршы» әнін өзі орындап аяқтады.

Сабақ соңында мектеп директоры Амирова Меруерт шақырылған қонақтарға кездесуге алтын уақыттарын қиып келгендері үшін алғысын айтты.

Ауғандық жауынгерлерге сыйлықтар тапсырылды. Ауғандық ардагерлер кездесуден жақсы әсер алғандықтарын айтып, өз алғыстарын білдірді.

 

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар