Аса қадірлі аналар, құрметті ұстаздар, сыңғырлаған күлкісімен әлемді баураған арулар, қыз- келіншектер сіздерді осы бір тамаша көктемнің шуақты мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! 8- наурыз жылдың ең аяулы, жарқын да тамаша күні. Мереке барлық ауыртпашылықты артта қалдырып, керемет көңіл- күймен келсін. Сіздерге шексіз бақыт, зор денсаулық, шаңырақтарыңызға бақ- береке тілеймін! Көктемнің гүліндей құлпырып, табиғаттың сарқылмас әсемдігіндей жайнап жүре беріңіздер.
Ізгі тілекпен мектеп директоры Амирова Меруерт Нұрмаханқызы.